Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда ол: «Құдай маған құнды сыйлық тартты. Енді күйеуім мені сыйлап, бірге қалатын болады, өйткені оған алты ұл тауып бердім», — деп, оның есімін Забулон («Сый») деп қойды. Забулон (мен Исашар) жайлы Мұса пайғамбар былай деді:«Ей, Забулон, жолға шыққанда шаттаныңдар,Ал, Исашар, шатырларыңда қуаныңдар! Теңіз оларды дәулетті қылады,Құмнан да олар байлық тауып алады,Ұлттарды Құдайдың тауына шақырады,Оған адал құрбандық шалып ұсынады». Үшінші жеребе әулеттері бойынша Забулон руына түсті. Оларға тиген жердің шекарасы Сарыдқа дейін созылып, содан батысқа қарай көтеріліп, Маралаға, содан Дабешетке, одан соң Жоқнеамның қасындағы жылғаға дейін жетеді.
Выбор основного перевода