Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Көріп тұрмын оны, бірақ қазір емес,Байқап тұрмын оны, бірақ жақын емес:Жақыптан бір жұлдыз туатын болады,Исраилден ұлы патша шығатын болады.Ол Моабтың әміршілерін таптап жояды,Шеттің бар ұрпақтарының көзін құртады. Ғилақад пен Манаса да — Менің иелігім,Ефрем руы болады басты қорғаным,Яһуда руынан шығады патшаларым. Ғилақад пен Манаса да — Менің иелігім,Ефрем руы болады басты қорғаным,Яһуда руынан шығады патшаларым. Кейінгі заманда Жаратқан ИеніңКиелі үйі тұрған Сион тауыБастысы болады бар тау-төбелердің,Бәрінен де оның атақ-даңқыӘлдеқайда жоғары болып қалады.Барлық халықтардың адамдарыСоған қарай ағылатын болады. Кесілген ағаштың түбірі мен тамырларынан жас өркен өсіп шығады. Сол сияқты Есей ұлы Дәуіттің патшалық биліктен айырылған әулетінен шығатын бір ұрпақ күндердің күнінде қайтадан патшалық құрады. Ол өте мәртебелі болып, Құдай Тағаланың рухани Ұлы деп аталады. Құдай Ие Оған арғы атасы Дәуіттің тағын сыйлайды.
Выбор основного перевода