Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң Мұса Һарон мен оның қалған ұлдары Елазар мен Ітамарға: «(Аза тұтып жалаң бас жүріп) шаштарыңды жайып жібермеңдер және көйлектеріңнің өңірін айыра жыртпаңдар! Әйтпесе өздерің де өлесіңдер, әрі Жаратқан Ие бүкіл қауымға да қаһарын шашатын болады. Алайда бауырластарың — Исраилдің бүкіл халқына Жаратқан Ие өртеп құртқан сендердің ағайындарыңды жоқтап аза тұтуларына болады. Елді барлап келгендердің екеуі — Нұн ұлы Ешуа және Ефунне ұлы Халеп те (басқалардың сенімсіздігіне қатты қайғырып) киімдерінің өңірін айыра жыртты. Содан ол басына күл сеуіп, үстіне киіп алған ұзын көйлегінің өңірін айыра жыртты да, бетін қолдарымен жауып алып, еңіреп жылап кете берді. Мен осыны естігенде қатты қайғырып, үстімдегі көйлегім мен шапанымның өңірін айыра жырттым. Сақал-шашымды жұлып, жаным түршіге есеңгіреп жерге отыра кеттім. Сонда Әйүп орнынан тұрды да, қатты қайғырып шапанының өңірін жыртып, шашын қырқып алып тастады. Мұнан кейін ол Тәңір Иеге мойынсұнып етпетінен жерге жата кетті. Алайда үш досы Әйүпті алыстан көріп, алғашқыда танымай қалды. Сонда олар дауыстап жылап, шапандарының өңірін жыртты. Аспанға қарай күл-тозаң шашып, оны бастарына да септі. Жазбаны тыңдаған патша да, оның нөкерлері де естігендерінен қорыққан да жоқ, өкініп, көйлектерінің өңірлерін айыра жыртқан да жоқ. Сонда діндар яһудилер Оны тас лақтырып өлтіру үшін тағы да жерден тас алды. Иса оларға:— Көз алдарыңда Әкем тапсырған көп игі істер істедім. Солардың қайсысына бола Мені тас лақтырып өлтірмексіңдер? — деген сұрақ қойды. Діндар яһудилер:— Сені игі ісің үшін емес, Құдайды қорлағаның үшін тас лақтырып өлтірмекпіз. Сен адам бола тұра, Өзіңнен Құдай жасағың келеді! — деді. Иса оларға былай деп жауап берді:— Өздерің құрметтейтін Киелі жазбада (Құдайдың билерге арнап мынаны айтқаны) жазылған: «Былай деген едім: сендер құдайсыңдар». Ал Киелі жазбалардың күшін жоюға болмайды ғой. Сонымен Құдай Өзінің сөзі жеткен сол билерді «құдай» деп атаған. Онда Мен «Құдайдың (рухани) Ұлымын» десем, қалайша «Құдайды қорладың» деп айта аласыңдар? Өйткені Әкемнің Өзі Мені ерекше тағайындап, осы дүниеге жіберген. Барнаба мен Пауыл осыны естігенде, көйлектерінің өңірін айыра жыртып, наразылықтарын білдірді. Көпшіліктің арасына жүгіріп барып, қатты дауыспен былай деді:
Выбор основного перевода