Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Көргендердің бәрі келекелейді,Басын шайқап, балағаттап былай дейді: «Ол Жаратқанға үмітін артқан екен,Сол оны аман қалдырсын пәледен!Жаратқан Ие разы болса оған,Құтқарып алсын оны қиындықтан!» Төбеттердей жан-жақтан қыспақтадыСол жауыздар, лек-легімен қоршап алды,Аяқ-қолымды түйреп жаралады! Сүйектерімді шыға алам санап,Ал халық тұр маған қадала қарап. Жау жамылғымды бөлісіп алады,Киімім үшін жеребе салады. Оның моласы қылмыскерлер қорымында белгіленгенмен, мәйіті бай адамның қабіріне қойылды. Өйткені Ол ешқандай күнә жасаған да емес, аузынан бірде-бір өтірік шыққан да емес. — Ілиястың алдымен келіп, бәрін қалпына келтіретіні рас. Ал көктен келген Билеушінің көп азап шегіп, қорлануға тиіс болатыны туралы Киелі жазбаларда неліктен жазылған? Сонда Ол:— Ей, түйсіксіз, жүрегі шеменденген шабандарым-ай! Пайғамбарлардың алдын ала айтқандарының бәріне шын жүректен сенбегенсіңдер! Мәсіх Өзінің салтанатты ұлылығына енуінен бұрын осындай азаптарды көруге тиіс емес пе еді?! — деп, оларға Мұса мен бүкіл басқа пайғамбарлардан бастап, Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндірді. Содан кейін Мәсіх Иса: «Сендермен бірге жүрген кезімде өздеріңе айтқан сөздерім мынау болатын: Мұсаның Таурат кітабында, Пайғамбарлардың жазбаларында және Забурда Мен туралы жазылғандардың бәрі орындалуға тиіс, — деп, Киелі жазбаларды түсінуге олардың саналарын оятты. Тағы сөзін жалғастырып: — Былай деп жазылған ғой: Мәсіх азап шегіп өліп, үшінші күні қайта тірілуге тиіс. Тиісті нәрселердің бәрінің түгел орындалғанын білген Иса бұдан кейін: «Мен шөлдеп тұрмын», — деді. Забурда алдын ала жазып қалдырылған бұл тәрізді сөз де осылай іске асты.
Выбор основного перевода