Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
халыққа көгалдың үстіне жайғасып отыруды бұйырды. Мұнан кейін Иса бес күлше мен екі балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті. Нанды үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді, ал олар халыққа үлестірді. Жеті күлше мен балықтарды қолына алып, шүкіршілік етті де, үзіп-үзіп шәкірттеріне бере берді. Олар халыққа үлестірді. Иса бес күлше мен екі кепкен балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті. Нанды халыққа тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді, екі балықты да бәріне бөліп, үлестірді. Сонда Иса жұртқа жерге жайғасуға бұйырды. Жеті күлшені қолына алып, шүкірлік етті. Оларды адамдарға тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне берді. Олар халыққа үлестірді. Иса бес күлше нан мен екі кепкен балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті. Оларды халыққа тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді. Біз Иеміздің құрбандығын еске алып «шүкірлік тостағанынан» ішкенде, Мәсіхтің төгілген қанының игілігінен үлес алғанымызды білдіреміз, солай емес пе? Нанды үзіп жегенде, құрбан болған Мәсіхтің денесінің игілігінен үлес алғанымызды білдіреміз емес пе? Мынаны мен Иеміздің Өзінен қабылдап, сендерге де айтып тапсырдым: Иеміз Иса ұсталып берілер түні нанды алып, шүкірлік етті де, үзіп беріп, былай деді: «Бұл — сендер үшін құрбан болмақ денем. Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер!» Сондай-ақ, кешкі астан кейін тостағанды да алып: «Мына тостаған — төгілмек қаныммен бекітілетін Жаңа келісім. Одан ішкен сайын Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер!» — деді.
Выбор основного перевода