Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мені жек көргендердің барлығыӨзара маған қарсы сыбырласады,Былай деп жамандық ойластырады: Ал парызшылдар болса сыртқа шығып, Исаның көзін жою туралы кеңес құрды.Иса бұл туралы біліп қойып, сол жерден кетіп қалды. Өзіңнің қызметшің — арғы атамыз Дәуіттің аузымен Киелі Рух арқылы былай дедің:«Неге халықтар жатыр ашуланып,Ұлттар іске аспайтын жоспарлар құрып? Жаратқан мен Оның қойған ПатшасынаӘлемнің патшалары қарсы тұрып,Әкімдер кеңесіп жатыр бірігіп». Рас, осы қалада Ирод пен Понти Пилат Өзіңе бағынбаған ұлттармен және Исраилдің руларымен бірігіп, Өзің Патша етіп тағайындаған қасиетті Қызметшің Исаға қарсы одақтасты. Алайда олардың іске асырғаны — Сенің құдіретті еркің алдын ала белгілеген жоспарың ғана.
Выбор основного перевода