Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде Петір сыртта, сарайдың ішкі ауласында отырған еді. Бір қызметші қыз оған жақындап келіп:— Сен де ғалилеялық Исамен бірге жүретін едің ғой! — деді. Алайда Петір бәрінің алдында:— Не деп тұрғаныңды білмеймін! — деп мойындамады. Содан ол ішкі ауладан шығып, қақпа жағына жылжи берді. Сонда Петірді тағы бір қызметші қыз көріп, маңындағыларға:— Мынау да назареттік Исамен бірге жүретін! — деді. Петір қайтадан:— Ол Адамды білмеймін! — деп мойындамай, ант ішті. Сәл кейінірек сонда тұрғандар оның қасына келіп:— Сен шынымен де солардың біреуісің! Қалай сөйлегеніңнен-ақ білініп тұр! — деді. Сонда Петір:— Ол Адамды еш білмеймін! — деп ант ішіп, қарғана бастады. Сол сәтте-ақ әтеш шақырды. Петірдің есіне Исаның: «Әтеш шақырғанша сен Менен үш рет танасың» деген сөзі түсті. Ол қақпа сыртына шығып, қатты жылады. Бұл кезде Петір төменде, сарайдың ішкі ауласында, отырған еді. Бас діни қызметкердің бір қызметші қызы өтіп бара жатып, отқа жылынып отырған Петірді көрді. Оған қадала қарап:— Сен де назареттік Исамен бірге жүретін едің ғой! — деді. Алайда Петір:— Не деп тұрғаныңды білмеймін де, түсінбеймін де, — деп мойындамады. Содан ол ішкі ауладан шығып, қақпа жағына жылжи берді. Сонда әтеш шақырды. Қызметші қыз Петірді тағы да көріп, сол жерде тұрғандарға: «Мынау — солардың біреуі!» — дей бастады. Бірақ Петір қайтадан мойындамады.Сәл кейінірек сонда тұрғандар да оған:— Сен шынымен солардың біреуісің, ғалилеялықсың ғой! (Қалай сөйлегеніңнен-ақ білініп тұр!) — деді. Ал Петір:— Сендер айтып тұрған Адамды еш білмеймін! — деп ант ішіп, қарғана бастады. Сол сәтте-ақ әтеш екінші рет шақырып, Петірдің есіне Исаның «Әтеш екі рет шақырғанша, сен Менен үш рет танасың» деген сөзі түсті. Сонда ол қатты налып, жылады. Бір қызметші қыз оның оттың жарығында отырғанын көрді. Оған қадала қарап:— Мынау да Онымен бірге жүретін! — деді. Ал Петір қызға:— Жоқ, Оны білмеймін! — деп мойындамады. Біраздан кейін тағы біреу оны көріп:— Сен де солардың біреуісің! — деді. Бірақ Петір оған:— Жоқ, олай емеспін! — деп жауап қатты. Бір сағаттай уақыт өткен соң тағы бір адам:— Шынымен бұл да Оның қасында жүретін, өзі ғалилеялық қой! — деп нықтап айтты. Алайда Петір сол кісіге:— Не деп тұрғаныңды білмеймін! — деп жауап қайтарды. Ол осыны айтып тұрған сәтте-ақ әтеш шақырды. Сонда Иеміз бұрылып, Петірге қарады. Петірдің есіне Иеміздің «Осы түні-ақ әтеш шақырғанша, сен Менен үш рет танасың» деген сөзі түсті. Содан Петір сыртқа шығып, қатты жылады. Иса оған былай жауап берді:— Мен үшін жан қиямын дейсің бе? Саған шындығын айтайын: осы түні әтеш шақырғанша сен Менен үш рет танасың! Ал Шимон Петір отқа жылынып тұра берді. Қасындағылар одан:— Сен де Соның бір шәкірті емессің бе?! — деп сұрады. Ол:— Жоқ, олай емеспін! — деп мойындамады. Сонда бас діни қызметкердің малайларының бірі, Петір құлағын семсермен шауып түсірген кісінің бір туысы тіл қатып:— Сені бақта Соның қасынан көрдім емес пе? — деді. Петір тағы мойындаған жоқ. Сол сәтте-ақ әтеш шақырды.
Выбор основного перевода