Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан мен Оның қойған патшасынаӘлемнің патшалары қарсы тұрып,Әкімдер кеңесіп жатыр бірігіп: Сонда басты діни қызметкерлер мен парызшылдар Жоғарғы кеңестің мәжілісін шақырып:— Біз не істесек екен? Мына Кісі көптеген кереметтер жасап жүр. Оны осылай қалдырсақ, бәрі Соған сенетін болады. Сонда римдіктер келіп, киелі үйіміз бен ұлтымызды біздің қолымыздан тартып алып жүрер! — десті. Олардың біреуі, сол жылы бас діни қызметкер болған Қаяфа, тіл қатып:— Сендер түк білмейсіңдер ме? Бүкіл ұлтымыздың құрып кетуінен гөрі, бізге халық үшін бір Адамның өлгенінің жақсы екенін ойламайсыңдар ма? — деді. Бұл сөзді ол өздігінен айтқан жоқ, қайта, сол жылы бас діни қызметкер болғандықтан: «Иса халқымыз үшін өлуге тиіс» деп алдағы оқиғаны білдірді. Ал Иса Исраил халқы үшін ғана емес, сондай-ақ жер жүзіне таралған басқа халықтардың енді Құдайдың рухани балалары болулары үшін де өлуге тиісті болды. Ондағы мақсаты — екі жақты жинап, біріктіру еді. Сол күннен бастап олар Исаны өлтіру туралы берік байламға келді.
Выбор основного перевода