Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер біреу өзінің бір жайтқа байланысты көргені не білетіні туралы куәлік келтіруге антпен шақырған дауысты естіп, содан бас тартса, оның күнә жасағаны, ол айыпты болады. Ал Ахаб патша оған:— Жаратқан Иенің атынан тек шындықты ғана айт деп саған қанша рет бұйыруға тиіспін? — деп ескертті. Ол зорлық көріп қиналды, алайда аузын ашпады. Оны тоқты сияқты сойылатын жерге алып барды. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын қой секілді тіс жармады. Шимон Петір:— Сіз Мәсіхсіз, мәңгі тірі Құдайдың рухани Ұлысыз! — деп жауап берді. Иса оған:— Сен бақыттысың, Жүніс ұлы Шимон: саған мұны адам баласы емес, көктегі Әкем білдірді! — Мәсіх туралы не ойлайсыздар, Ол кімнің Ұрпағы болады? — деген сұрақ қойды. Олар:— Дәуіттің Ұрпағы! — деді. Басты діни қызметкерлер мен рубасылар Өзін айыптағанда Иса еш жауап бермеді. Алайда Иса олардың бірде-бір сөзіне жауап қайтармады. Оның бұлай істегеніне әмірші қатты қайран қалды. Ирод Исаға көптеген сұрақтар қойды, бірақ Ол еш жауап бермеді. Сонда Пилат сарайға қайта кіріп, Исаны шақыртып алып:— Сен «Яһудилердің Патшасысың» ба? — деп сұрады. Сарайға қайта кіріп, Исадан:— Сен қайдан шыққансың? — деп сұрады. Бірақ Иса оған жауап берген жоқ.
Выбор основного перевода