Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Орынсыз кішіпейілділік танытып періштелерге табынуларыңды талап ететіндер сендерді кінәламасын! Осындайлардың ақыл-ойларын өз күнәкар болмыстары билейді, ал беделдері өздері ешқашан көрмеген нәрселерге негізделген. Олар ешбір себепсіз кеуделерін көтеріп, қауымның Басы — Иеміз Мәсіх туралы ілімді ұстанбайды. Ал өзара буындармен, сіңірлермен нығайып, тұтасқан тәндік дененің өсуін бастың басқаратыны сияқты, бүкіл қауымның Құдайдың қалағанындай рухани өсуін де Мәсіх басқарады. Өлі денеге ешқандай бұйрық жүрмейтіні секілді, сендер Мәсіхпен бірге рухани өлгендіктен осы дүниедегі бастапқы ілімдерге бағынбауға тиістісіңдер. Ендеше сендер әлі де осы күнәкар дүниеге жататындай, неліктен мынадай ережелерге бағынасыңдар: «Сол нәрселерді қолға ұстама, ана тағамдарды ішіп-жеме, ол заттарға қол тигізбе!» Бұлардың бәрі түбі қолдану барысында жоқ болатындар ғой. Ондай парыздар мен ілімдер адам ойынан шыққан.
Выбор основного перевода