Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Күллі халқың әділ болып, осы елге ұдайы ие болады. Халқым Өзім отырғызған көшетке ұқсайды. Мен оны жараттым, ол арқылы ұлылығымды паш етемін. Сендерге айтамын: егер Құдайдың әділ еркін дін мұғалімдері мен парызшылдардан артық орындамасаңдар, Оның Патшалығына еш кіре алмайсыңдар! Маған ілінген, бірақ рухани жеміс бермейтін әр «сабақты» Әкем кесіп тастайды, ал өнім беретіндерін молырақ берсін деп тазартады. Сонымен біз Құдаймен бірге еңбектенушіміз, ал сендер Оның «егістігісіңдер».Сондай-ақ, сендер Құдайдың «құрылысысыңдар». Оның рақыммен өзіме сыйлаған елшілік қызметім бойынша мен үйдің іргетасын салатын данышпан «шебер құрылысшы» іспетті, қауымның негізін қаладым. Ал қазір басқа біреулер соның үстіне қаластыруда. Бірақ әрқайсысы әрі қарай қалай салу керек екенін мұқият қарауы керек.
Выбор основного перевода