Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұл халықты өз жетекшілері адастырады. Соларға еріп жүргендер теріс жолға азғырылады. Осы пайғамбарлық сөздің бүкіл мазмұны сендер үшін мөрленіп бекітілген шиыршық кітап іспетті жабық болмақ. Егер оны сауатты біреуге тапсырып: «Маған оқып берші!» деп сұрасаңдар, ол: «Кітап шиыршықталып, мөрленгендіктен оқи алмаймын» демек. Пайғамбарлар жалған сөйлеп, діни қызметкерлер өз беттерімен өктемдік жүргізеді. Бұл Менің халқыма тіптен ұнайды! Бірақ ақыр соңы жеткенде сендер не істемексіңдер?!» Көр соқыр жетекшілер, сендер қасіретке қаласыңдар! Себебі былай деп үйретесіңдер: «Біреу киелі үйдің атымен ант етсе, сол мұнысын орындауға міндетті емес. Ал егер киелі үйдегі алтынмен ант етсе, онда ол сол антын орындауға міндетті». «Масаны сүзіп тастап, түйені жұтып қоятын» соқыр жетекшілер-ай! Иса оларға астарлап тағы былай деді:— Соқырды соқыр жетелеп жүре ала ма? Екеуі де орға құлап түспей ме? Бұл сөзді қасында тұрған бірнеше парызшылдар да естіп:— Сонда біз де «соқырмыз» ба? — деп сұрады. Өзіңді соқырларға жетекшімін, қараңғыда адасқандарға жарықпын,
Выбор основного перевода