Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер әкесінің қолында тұрып жатқан қыз Жаратқан Иеге бір нәрсені ұсынуға не бір нәрседен бас тартуға ант етсе, я болмаса біреуге берген уәдесін сертпен байласа және әкесі оның берген анты не серті туралы естігенмен ештеңе демесе, онда қыздың берген барлық анттары да, сертпен байлаған барлық уәделері де өз күшінде қалады. Ал егер әкесі сол туралы естіген күні қызына тыйым салса, онда қыздың берген анттары мен уәделерінің ешқайсысы күшінде қалмайды. Қыздың әкесі тыйым салғандықтан, Жаратқан Ие қызды берген сертінен босатады. «Күнә емес» деп ата-анасынан ұрлаушы —Қарақшылардың нағыз сыбайласы. Бірақ сендер адамның өз әкесіне не шешесіне: «Менен көрмек игіліктеріңізді мен құрбан етіп қойдым, яки Құдай жолына бағыштадым» деуіне рұқсат бересіңдер.
Выбор основного перевода