Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Иса сол жерден кетіп бара жатқанда, Оның соңынан екі соқыр кісі ілесіп:— Дәуіттің Ұрпағы, бізге рақым ете көріңіз! — деп айқайлап жалбарынды. Бартімей өтіп бара жатқан Адамның назареттік Иса екенін естіп: «Дәуіттің Ұрпағы Иса, маған рақым ете көріңіз!» — деп айқайлай бастады. Көпшілігі оған ұрсып, үндемеуді бұйырды; бірақ ол одан бетер айқайлап: «Дәуіттің Ұрпағы, маған рақым ете көріңіз!» — деп жалбарынды. Сонда әлгі соқыр:— Дәуіттің Ұрпағы Иса! Маған рақым ете көріңіз! — деп айқайлады. Алда келе жатқандар оған ұрсып, үндемеуге бұйырды. Бірақ ол одан бетер айқайлап: «Дәуіттің Ұрпағы! Маған рақым ете көріңіз!» — деп жалбарынды.
Выбор основного перевода