Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұны естіген Иса қайран қалып, соңынан еріп келе жатқан халыққа қарап: — Шын айтамын, Маған осындай сенім артқан кісі Исраил халқынан ешқашан кездескен емес! Содан кейін Иса жүзбасына:— Үйіңе қайт, сеніміңе сай тілегің болсын! — деді.Сол мезгілде-ақ оның қызметшісі ауруынан сауығып кетті. Иса бұрылып, оны көріп: «Қарындас, жігерлен, сенімің арқылы құтқарылдың!» — деді. Әйел сол сәтте-ақ сауығып кетті. Иса үйге кіргеннен кейін сол екі зағип Оның қасына келді. Иса:— Менің солай істей алатыныма сенесіңдер ме? — деген сұрақ қойды. Олар:— Иә, Тақсыр, сенеміз, — деп жауап берді. Иса оған:— Жүре бер, сен сенімің арқылы құтқарылдың, — деді. Сол сәтте-ақ оның көзі ашылып, көретін болды! Содан Бартімей Исаға еріп жолға шықты. Бірақ Иса әйелге:— Сен сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, — деді. самариялыққа қарап: — Тұр да, жөніңе жүре бер. Сен сенімің арқылы құтқарылдың! — деді.
Выбор основного перевода