Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Бізде тек бес күлше нан мен екі кепкен балық қана бар, — деді. Иса: халыққа көгалдың үстіне жайғасып отыруды бұйырды. Мұнан кейін Иса бес күлше мен екі балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті. Нанды үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді, ал олар халыққа үлестірді. Барлығы да жеп тойды.Соңында олар нан үзімдері мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда, он екі себет толды. Ал Иса оларға:— Қанша нандарың бар? Барып, қарап келіңдер! — деп тапсырды. Біліп келген олар:— Бес күлше нан мен екі кепкен балық бар екен, — деді. Сонда Иса шәкірттеріне адамдарды топ-топқа бөліп, көгалдың үстіне жайғастыруды тапсырды. Сонымен жұрт жүзден, елуден топтасып жайғасты. Иса бес күлше мен екі кепкен балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті. Нанды халыққа тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді, екі балықты да бәріне бөліп, үлестірді. Барлығы да жеп тойды. Соңында олар нан үзімдері мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда он екі себет толды. Бірақ Иса:— Оларға тамақты сендер беріңдер! — деп жауап қатты. Шәкірттері:— Бізде бес күлше нан мен екі кепкен балықтан өзге ештеңе жоқ. Әлде мына адамдардың бәріне тамақ сатып алуға барайық па? — деп сұрады. Себебі сол жерде бес мыңдай ер адам болатын. Ал Иса шәкірттеріне:— Оларды шамамен елу-елуден топқа бөліп, жайғастырып отырғыза беріңдер! — деп тапсырды. Шәкірттері бәрін солай етіп отырғызды. Иса бес күлше нан мен екі кепкен балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті. Оларды халыққа тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді. Барлығы да жеп тойды. Соңында олар нан мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда, он екі себет толды. — Осында бір бала жүр, оның бес күлше арпа наны мен екі кепкен балығы бар. Бірақ олар осынша көп кісіге не болады? — Ал Иса:— Адамдарды жайғастырып отырғыза беріңдер! — деп тапсырды. Сол жерде шөп қалың болып, бес мыңдай ер адам жайғаса алды. Иса күлшелерді алып, шүкірлік етті де, жайғасқандарға үлестірді; кепкен балықтардан да жұртқа қалағандарынша берді. Бәрі жеп тойған соң, Иса шәкірттеріне: «Босқа ысырап болмас үшін нанның қалдықтарын жинап алыңдар», — деді. Олар жұрт жеген бес күлше арпа нанының қалдықтарын жинап, он екі себетті толтырды.
Выбор основного перевода