Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Адамның жүрегі бәрінен бетер алдамшы әрі жазылмайтындай бүлінген. Оны танып біле алатын кім бар? Мен, Жаратқан Ие, адамның жүрегіндегісін зерттеймін, оның жан дүниесін анық тексеремін. Содан әркімге жасаған қылығына, істеген істеріне қарай есесін қайтарамын. Улы жыланның тұқымдары! Сендер жаман бола тұра, қалайша жақсы сөздер айта алар едіңдер? Жан дүниең неге толса, ауызың соны айтар. Петір:— Жоқ, Ием! Мен ешқашан да арам тамақ жеген емеспін, — деп жауап берді. Дауыс екінші рет естіліп:— Құдай адал еткенді сен арам деп айтпа! — деді. Арандары олардың көрдей ашық, майда тілдерімен айтады жалғандық. Сұр жыланның уы тілдерінен тамады. Ауызынан шыққандар: қарғыс, өтірік, жалғандық. Өлі денеге ешқандай бұйрық жүрмейтіні секілді, сендер Мәсіхпен бірге рухани өлгендіктен осы дүниедегі бастапқы ілімдерге бағынбауға тиістісіңдер. Ендеше сендер әлі де осы күнәкар дүниеге жататындай, неліктен мынадай ережелерге бағынасыңдар: Олар кісінің өз бетімен құлшылық етіп, кішіпейілділік танытып, тәнін қатаң тәртіппен ұстауын талап етулеріне бола дана болып көрінеді. Алайда олар адамды ізгілікке жетелемей, оның күнәкар болмысының құмарлықтарын қанағаттандыруына жол береді. Олар: «Үйленуге және белгілі бір тағам түрлерін жеуге болмайды!» — деп үйретеді. Алайда сол тағамдарды Құдай Өзіне сеніп, шындықты білетіндердің шүкірлік ете отырып жеулері үшін жаратты. Құдай жаратқандардың бәрі де адал; шүкірлік етіп қабылданған тамақтарға тыйым салуға болмайды. Көңілі тазаларға бәрі де таза, ал күнәға былғанып, сенбейтіндер үшін еш нәрсе де таза емес, олар ақыл-естері де, ар-ұждандары да арамданғандар.
Выбор основного перевода