Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Ыбырам сол жерді кезіп, Сихем қаласының маңайындағы алып емен ағашы өсіп тұрған Море деген жерге дейін жетті. Ол кезде бұл елді қанахандықтар мекендеуші еді. Ал Жаратқан Ие Ыбырамға аян беріп: «Мен сенің ұрпақтарыңа осы жерді сыйлаймын», — деп уәде етті. Ыбырам сол жерде өзіне аян берген Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызды. Ыбырам Жаратқан Иеге сенді, сондықтан Жаратқан Ие оны Өзінің алдында ақтады. Сол кезде Жаратқан Ие Ыбыраммен Келісім жасап:— Мен сенің үрім-бұтағыңа Мысырдың шетіндегі өзеннен бастап үлкен өзен — Евфратқа дейін жайылған осы елді беремін. Онда кендіктер, кеназдықтар, қадмондықтар, хеттіктер, перездіктер, рафалықтар, аморлықтар, қанахандықтар, гергестіктер және ебустіктер тұрып жатыр, — деді. Мен бұл Келісімді Менімен сенің араңдағы және кейінгі үрім-бұтағыңның арасындағы мәңгілік Келісім ретінде бекітемін. Ол ұрпақтан ұрпаққа созылатын болады. Мен сенің және үрім-бұтағыңның Құдайы боламын. Қазір өзің жат жұрттық ретінде тұрып жатқан бүкіл Қанахан елін саған және келер ұрпақтарыңа мәңгі иеленуге беремін. Мен ұрпақтарыңның да Құдайы боламын. Бірақ сен де Менің Келісіміме адал бол! Оны өзің де, үрім-бұтағыңның барлық ұрпақтары да сақтауға тиіссіңдер! Менің періштем алдарыңнан жүріп отырып, сендерді аморлықтар, хеттіктер, перездіктер, қанахандықтар, хевтіктер және ебустіктердің қоныстанған жеріне алып барады, ал Мен соларды құртамын. Осылайша Жаратқан Ие исраилдіктерге олардың ата-бабаларына антпен уәде еткен елінің барлығын табыстады. Олар елді иемденіп, оған қоныстанып алды. Жаратқан Ие Өзі ата-бабаларына антпен уәде еткендей, исраилдіктерге барлық жағынан да тыныштық сыйлады. Оларға бірде-бір жау қарсы тұра алмады, өйткені Жаратқан Ие барша жауларын исраилдіктердің қолына тапсырып отырды. Жаратқан Иенің Исраил халқына берген игілікті уәделерінің бірде-біреуі орындаусыз қалмай, барлығы да жүзеге асты. Ал енді, адам атаулы іспетті мен де бұ дүниеден өтпекшімін. Шын жүректен, бар жан дүниелеріңмен мынаны мойындауларың керек: Құдай Иелеріңнің өздеріңе берген барлық игілікті уәделерінің біреуі қалмастан бәрі жүзеге асты. Оның бір сөзі де орындаусыз қалған жоқ. Уа, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие, Сен әділсің! Біз қырылудан аман қалған біраз адамбыз. Сенің алдыңда әбден кінәлі болдық. Осы істегеніміздің кесірінен ешқайсымыз Сенің алдыңда тұра алмаймыз.
Выбор основного перевода