Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Олар Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап, Бағал атты жалған тәңірлердің мүсіндеріне табына бастады. Сол жаңа ұрпақ ата-бабалары сиынған, оларды Мысыр елінен алып шыққан Құдайлары — Жаратқан Иеден бас тартты, әрі айналаларында тұрып жатқан ұлттардың табынатын бөгде тәңірлерінің жолдарына түсіп, соларға иіліп құлшылық етті. Халық бұларымен Жаратқан Иенің қаһарын туғызды. Ал сенің зұлымдығың өзіңнен бұрын өткендердің қай-қайсысынан да басым болды. Сен өзіңе жалған тәңірлер таңдап, жас бұқа мүсіндерін жасатып алдың. Осындай істеріңмен Менің қаһарымды туғыздың. Сен Менен мүлдем бас тартып кеттің. Патшайым Езабел Жаратқан Иенің пайғамбарларының көздерін құртқан кезде Абадиях жүз пайғамбарды елу-елуден екі үңгірге тығып, нан-суларымен қамтамасыз етіп тұрған болатын. Құдайдың Рухы Еходай ұлы Зәкәрия атты діни қызметкерге де қонды. Зәкәрия бүкіл халықтың алдына шығып, былай деді: «Құдай мынаны айтады: Сендер неге Жаратқан Иенің өсиеттерін бұза бересіңдер? Бұларыңмен табысқа жетпейсіңдер! Сендер Жаратқан Иеден бас тарттыңдар, енді Ол да сендерден бас тартатын болады!» Бірақ басшылар Зәкәрияға қарсы сөз байласып, оны патшаның әмірімен Жаратқан Иенің киелі үйінің ауласында тас лақтырып өлтірді. Алайда сен ескертуімді жек көресің,Айтқан сөздерімді менсінбей жүресің. Алайда олардың балалары Маған қарсы бас көтеріп, тапсырған ережелерімді ұстанбады, әрі заңдарымды орындамады. Ал оларды орындайтын адам солар арқылы өмір сүреді. Соған қоса олар демалыс күндеріме қатысты ережелерімді бұзып, сол күндердің қасиеттілігін қастерлемеді. Сондықтан Мен бастарына қаһарымды төгіп, оларды иен далада бар ашу-ызаммен жазалауға ұйғардым. Ата-бабаларыңыз пайғамбарлардың қайсысын қудаламап еді! Олар Құдайдың әділ Қызметшісінің келуін алдын ала жариялаған хабаршыларын өлтірді. Сіздер енді Соның Өзін ұстап берген сатқын, өлтірген қанішер болдыңыздар!
Выбор основного перевода