Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Дін мұғалімі Езра осы оқиғаға орай жасалған биік ағаш мінбенің үстіне шығып тұрған еді. Оның оң жағында Маттатия, Шема, Анаях, Ұрия, Хелкия, Мағасиях, сол жағында Педаях, Мишайл, Малқиях, Хашум, Хаш-Бадана, Зәкәрия, Мешулам болды. Бұдан кейін Ешуа, Бани, Шеребиях, Ямин, Ақуб, Шабтай, Ходия, Мағасиях, Келита, Азариях, Жозабад, Ханан және Пелаях есімді леуіліктер сол жерде тұрған халыққа Таурат заңын түсіндіріп берді. Олар Құдайдың Таурат кітабынан дауыстап анық оқып, соған түсіндірмелерін қосты. Осылайша халық оқылғандарды жақсы ұғып алды.
Выбор основного перевода