Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Жаратқан Ие Синай тауының басына түсіп, Мұсаны сол жерге шақырды. Ол көтеріліп барған соң, Сол кезде Құдай (халыққа арнап) мына сөздердің бәрін айтты: «Мен сені құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайың — Жаратқан Иемін. Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын! Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама! Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын, ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін. Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма!Жаратқан Ие Өзінің атын орынсыз қолданғандарды жазасыз қалдырмайды. Демалыс күнін Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол! Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер, ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! Себебі алты күн ішінде Жаратқан Ие аспан, жер және теңізді әрі олардағы күллі нәрселерді жаратып, жетінші күні демалды. Сондықтан Ол демалыс күніне оң батасын беріп, оны Өзіне бағыштап қасиетті деп белгіледі. Ата-анаңды сыйла!Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе. Кісі өлтірме! Неке адалдығын бұзба! Ұрлық жасама! Ешкімді бекерге айыптама! Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба!Оның әйеліне, құл-күңіне, өгіз-есегіне не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!» Сонда Жаратқан Ие өздеріңе сол оттың ішінен тіл қатты. Сендер Оның сөздерін естідіңдер, бірақ ешқандай бейнені көрген жоқсыңдар. Тек Оның дауысы ғана естілді. Көкжиектің бір шетінен күн шығады,Келесі шетіне өтіп айналады,Ештеңе де қызуынан тыс қалмайды. Кемелді — Жаратқанның тағылымдары,Жан дүниені олар жаңартады.Ақиқат — Иеміздің жарлықтары,Олар наданды да дана қылады. Әрі әділ — Жаратқанның бұйрықтары,Олар жүрекке қуаныш құяды.Жаратқанның өсиеттері сондай нұрлы,Көздерді ашып, жарқыратады. Ендеше Таурат заңы қасиетті, өсиет те қасиетті, әділ және игі.
Выбор основного перевода