Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Құдай жүргізген жарату жұмысының бәрін жетінші күні аяқтап, сол күні еңбек етпей демалды. Жетінші күнге Құдай оң батасын беріп, оны қасиетті деп белгіледі. Себебі Ол бұл күні Өзінің жарату жұмысының бәрін бітірген соң тынықты. Мұса оларға:— Жаратқан Иенің айтқаны мынау: Ертең сенбі күні; Өзіме бағышталған демалыс күнін сақтаңдар! Бүгін жинаған тамақтан өздеріңе қанша керек болса, сонша пешке жауып не суға пісіріп алыңдар, ал артылып қалғанын ертеңге сақтап қойыңдар, — деп жауап берді. Демалыс күнін Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол! Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер, ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! Себебі алты күн ішінде Жаратқан Ие аспан, жер және теңізді әрі олардағы күллі нәрселерді жаратып, жетінші күні демалды. Сондықтан Ол демалыс күніне оң батасын беріп, оны Өзіне бағыштап қасиетті деп белгіледі. — Исраилдің үрім-бұтағына мынаны айт: Менің демалыс күні туралы ережелерімді сақтаңдар! Себебі бұл — бүкіл келешек ұрпақтарың үшін Менімен сендердің араларыңда жасалған Келісімнің белгісі. Ол арқылы Менің сендерді жалғыз Өзіме бағыштап қасиетті еткен Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. Сонымен демалыс күнін сақтаңдар, ол сендер үшін қасиетті күн. Оны қорлаған әркім өлтірілуге тиіс. Демалыс күні жұмыс істеген адам өз халқының арасынан аластатылуы қажет. Аптасына алты күн бойы жұмыс істеулеріңе болады, ал жетінші күн — Жаратқан Иеге бағышталған демалыс, сол күні тынығыңдар! Кімде-кім жетінші күні жұмыс істейтін болса, сол өлтірілуге тиіс. Исраилдің үрім-бұтағы демалыс күнін сақтап, келешек ұрпақтары да оны тұрақты Келісім ретінде орындай берсін! Бұл мәңгі бақи Менімен Исраил халқы арасында жасалған Келісімнің белгісі болмақ!Себебі Жаратқан Ие алты күн ішінде аспан мен жерді жаратып, жетінші күні демалып тынықты. Оның үстіне Мен, Жаратқан Ие, Өзіме бағыштағанымның сыртқы белгісі ретінде оларға демалыс күнімді сыйладым. Сондай-ақ Мен өздеріңе өсиеттеген демалыс күндерін Маған бағыштайтын болыңдар! Олар Менің сендердің Құдайларың Жаратқан Ие екенімді естеріңе салатын белгі болмақ».
Выбор основного перевода