Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Жер аударылудан қайта оралған исраилдіктер де, басқа ұлттардың Құдайдың халқына қосылғандары да құрбандық тоқтылардың етін жеді. Осы қосылғандар Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге мойынсұнып, елде тұрып жатқан жат ұлттардың арам істерінен бас тартып, бөлініп шыққандар еді. Ал енді ата-бабаларыңның сиынған Құдайы Жаратқан Иенің алдында күнәларыңды мойындаңдар! Осы елдегі бөтен халықтардан және өздеріңнің жат бөтен жұрттық әйелдеріңнен бөлініп, Жаратқан Иенің еркін орындаңдар! Енді біздер — халықтың қалған бөлігі: діни қызметкерлер, леуіліктер, қақпа күзетшілері, әншілер, ғибадатхана қызметшілері және Құдайдың Таурат заңына бағынып айналадағы халықтардан бөлініп кеткен басқалардың бәрі өз әйелдерімізбен, осы Келісімнің мазмұнын түсіне алатын ұл-қыздарымызбен бірге Халық Таурат заңында осылай жазылғанын естігенде, (Жаратқан Иеге мойынсұнбайтын) бөтен жұрттықтардың барлығын өздерінің араларынан бөліп тастады. Осылайша мен діни қызметкерлер мен леуіліктерді бөтен жұрттық атаулыдан тазартып, оларға міндеттерін тапсырдым. Әрқайсысына өзінің атқаратын жұмысын белгілеп бердім.
Выбор основного перевода