Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Сен халықты күндіз бағана тәрізді бұлтпен жетеледің, ал түнде олардың жүруге тиісті жолдарына жарық түсіру үшін жалындаған от бағанасымен алдарында жүріп отырдың. Сондықтан Сен ата-бабаларымызды жауларының қолына тапсырдың. Жаулары оларға зор азап шектірді. Қатты қиналып жатқан кездерінде ата-бабаларымыз Саған жалбарына үн қатып, Сен көктен құлақ салдың. Өзіңнің ғаламат рақымыңмен оларға құтқарушыларды жіберіп, сол құтқарушылар оларды жауларының қолынан құтқарып алды. Бірақ Өзіңнің ғаламат зор рақымыңа бола Сен ата-бабаларымызды не түбегейлі құртып жіберген жоқсың, не тастап та кетпедің. Өйткені Сен мейірімді де қайырымды Құдайсың. Халқымен жасаған Келісімін ескерді,Зор рақымымен оларды есіркеді,
Выбор основного перевода