Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Мұса қолын теңіздің үстіне қарай созғанда Жаратқан Ие шығыстан қатты жел жіберді. Ол түні бойы соғып, теңіз суын әрі қарай итеріп, түбін құрғатты. Су қақ айырылған кезде Исраил халқы құрғақ жермен теңіз ортасынан өте шықты. Су оларды оң мен солынан қабырға іспетті қоршап тұрды. Мұса қолын теңізге қарай созды. Содан таң ата су орнына келді. Қашып бара жатқан мысырлықтар оған қарсы жүгіріп, Жаратқан Ие оларды теңіз ішінде суға батырды. Арнасына қайтқан су Исраил халқының соңына түсіп, теңіздің ішіне дейін қуып келген перғауынның бүкіл әскерін, күймелері мен атты жауынгерлерін көміп тастады. Олардың бірде-біреуі тірі қалмады. терең су басқан олар тас іспеттіБарлығы тұңғиыққа зым-зия батып кетті. Ал Сен дем үрлеп, су көміп тастады оларды,Терең суға батып кетті қорғасындай барлығы. Өз құдіретіңмен теңізді қақ жардың,Дәу су мақұлықтарының бастарын жойдың, Сол кезде Құдай теңізді қақ бөлген,Арғы жағаға халықты жеткізген,Теңіз суын қабырғадай тұрғызған,
Выбор основного перевода