Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Бірақ хоронайымдық Санбаллат және аммондық қызметкер Тобиях менің келе жатқаным туралы естігенде, екеуі біреудің исраилдіктерге жақсылық жасамақ болып келгеніне қатты наразыланды. Осылай бас діни қызметкер Елияшип өз ағайындары — діни қызметкерлермен бірге жұмысқа кірісіп кетті. Олар Қой қақпасын тұрғызып, есіктерін орнатты; содан соң Қой қақпасына әрі қала қабырғасының Жүздік және Хананел мұнараларына дейінгі аралығына Жаратқан Иеге бағышталу рәсімін жасады. Санбаллат, Тобиях, арабиялық Гешем және қалған дұшпандарымыз да менің қабырға құрылысын бітіріп, оның бірде-бір құлаған жерінің қалып қоймағаны туралы хабар алды. Ал қақпалардағы есіктерді мен әлі де орнатып болмаған едім. Сол күндері Яһуданың жетекшілері Тобияхқа көптеп хат жолдап, оның хаттары да бұларға келіп жатты. Яһудадағы көптеген адам оған ант беріп сөз байласқан еді. Өзі Арах ұлы Шеханияхтың күйеу баласы болып, ал ұлы Жоханан Барақиях ұлы Мешуламның қызына үйленген еді. Сол күні бірнеше адам арнайы қойма бөлмелерінің басқарушысы болып тағайындалды. Сол бөлмелерге сый-тартулар, алғашқы өнім және өнімнің он бөлігінің бірі қойылып сақталады. Осылайша қалаларға жататын егістіктерден түскен өнімнің Таурат заңындағы нұсқау бойынша діни қызметкерлер мен леуіліктерге тиесілі бөліктері сол қоймаларға әкелініп жиналады. Себебі Яһуданың халқы діни қызметкерлер мен леуіліктердің қызмет жасап жүргеніне риза болып қуанды. Тіпті бас діни қызметкер Елияшип ұлы Жояданың бір ұлы хоронайымдық Санбаллаттың қызына үйленген еді! Сол жігітті мен қасымнан қуып жібердім.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Выбор основного перевода