Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
«Уа, Құдайым, осы халыққа жасаған қызметімді менің игілігіме ескере гөр!» Біздер — діни қызметкерлер, леуіліктер және халық жыл сайын тағайындалған уақыттарда отқа жағылатын ағаш отынды әр әулеттің қашан әкелетінін белгілеу үшін жеребе тастадық. Осы отындар шалынған құрбандықтар мен басқа да сый-тартулардың Тауратта жазылған нұсқауға сәйкес Құдайымыз Жаратқан Иенің киелі үйінің алдындағы құрбандық үстелінде өртеліп ұсынылуы үшін қолданылмақ. «Осыларды істегеніме бола мені мейіріммен ескере гөр, уа, Құдайым! Сенің киелі үйің мен ондағы қызметтер үшін ізгі ниетпен істегендерімді есіңнен шығара көрме!» Содан кейін мен леуіліктерге демалыс күнінің қасиеттілігін сақтау үшін өздерінің тазару рәсімінен өтіп, қала қақпаларына барып, оларды күзетуі жайлы тапсырма бердім.«Мұнымды да есіңнен шығара көрме, уа, Құдайым! Өзіңнің зор мейіріміңе сәйкес маған рақымыңды көрсете гөр!» «Уа, Жаратқан Ие! Сенің көз алдыңда ізгі жолыңмен жүріп, шын жүректен әділ істер істеп келгенімді ескере көрші!» — деді. Мұнан кейін Езекия қатты жылады.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Выбор основного перевода