Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Демалыс күнін Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол! ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! Егер елде тұрып жатқан басқа халықтар демалыс күні және өзге де қасиетті күндері не бұйымдарын, не азық-түліктерін сатуға әкелетін болса, біз оларын сатып алмаймыз.Әр жетінші жылы егін екпейміз әрі сол жылы барлық қарыздарды кешіреміз. Жылына бір рет Құдайымыздың үйіндегі қызметтің қажеті үшін мысқалдың үштен біріндей мөлшерде күміс беріп тұруды өз міндетімізге аламыз. Бірақ мен оларды сақтандырып: «Сендер неге қабырғаның алдында түнейсіңдер? Егер тағы осылай ететін болсаңдар, мен сендерге қарсы шара қолданамын!» — дедім. Сол кезден бастап олар демалыс күндері келмейтін болды. Жаратқан Ие мынаны айтады: Өмірлеріңді сақтап қаламын десеңдер, демалыс күндері ешқандай жүкті көтеріп жүрмеңдер! Оларды Иерусалимнің қала қақпаларынан өткізбеңдер! Сол күндері үйлеріңнен жүк алып шығушы не басқа да жұмыс істеуші болмаңдар! Мен ата-бабаларыңа өсиет еткендей, демалыс күнін Маған, Жаратқан Иеге, бағыштап, қасиет тұтыңдар! Бірақ ата-бабаларың бұны тыңдаған да жоқ, сөздеріме мән де берген жоқ. Олар қыңырланып, Менің айтқаныма құлақ салмай, тіпті Мен оларды жазалағанда да түзелген жоқ. Ал егер сендер Маған толығымен бағынсаңдар, — дейді Жаратқан Ие, — әрі демалыс күні қала қақпаларынан еш жүк тасымай, осы күні еш жұмыс істемеу арқылы оны Маған, Жаратқан Иеге, бағыштайтын болсаңдар, онда патшаларың әрқашан (Менің еркім бойынша) Дәуіттің тағында отыратын болады. Патша өзінің әміршілерімен күймелер мен аттарға мініп, Яһуданың адамдары мен Иерусалимнің тұрғындарын ертіп, (салтанатты шеру құрып) осы қаланың қақпаларымен өтетін болады. Сонда бұл қала мәңгі бақи адамдардың мекені болады. Халық Яһуданың қалалары мен Иерусалимнің айналасындағы ауылдардан, Бунямин жерінен және батыстағы төменгі қыраттар мен оңтүстіктегі Негев аймағынан ағылып, түгелдей өртелетін құрбандықтары мен тартуларын, астық тартулары мен хош иісті заттарын және Өзіммен қарым-қатынастарына ризашылық құрбандықтарын Менің киелі үйіме алып келетін болады. Бірақ егер айтқанымды орындамасаңдар, демалыс күнін Маған бағыштамасаңдар, әрі сол күндері Иерусалимнің қақпаларынан жүк алып кіретін болсаңдар, онда Мен Иерусалимнің қақпаларына ешқашан өшпейтін от қоямын! Содан оның сарайлары да өртеніп кетеді. Сендер іштей былай дейсіңдер: «Айдың алғашқы күні қашан өтер екен? Сонда бидай сатамыз. Демалыс күні қашан бітер екен? Сонда астықты базарға шығарамыз! Бидай өлшеп салатын ыдысымызды кішірек, күміс өлшейтін кір тастарымызды ауырырақ қылып, таразыдан да жейміз.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Выбор основного перевода