Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Исраил халқының соншама көп екенін көргенде, моабтықтар олардан қатты қорқып, Мадиян халқының ақсақалдарына мына хабарды жолдады:«Өгіз даланың шөбін толық жалмап қояр,Енді бұл тобыр маңымызды жалмап қояр!»Моаб патшасы Сипор ұлы Балақ елшілерін жіберіп, Беғор ұлы Балағамды өзіне шақыртты. Балағам Евфрат өзенінің бойындағы Петор деген туған жерінде тұрып жатты. Патша Балағамға мынадай сәлем жіберді: «Мысырдан бір халық көшіп шығып, жер бетін қаптап кетті. Олар енді қасымызға қоныстанып жатыр. Өтінемін, келіп, сол халықты қарғап беріңіз. Олар бізден сондай қуатты! Мүмкін, осылай оларды күйретіп, елден қуып шыға алармын. Себебі сіз кімге бата берсеңіз, соның жарылқанатынын, ал кімді қарғасаңыз, соның қарғысқа ұшырайтынын білеміз». Осылайша Моаб пен Мадиянның ақсақалдары Балағамға сәуегейлігі үшін беретін сый-тартуын ала шығып, Балақтың айтып жібергенін жеткізді. Балағам оларға: «Бүгінше осында түнеп шығыңыздар. Жаратқан Ие маған не айтса, соны сіздерге жеткіземін», — деді. Содан Моабтың әміршілері Балағамның қасында қалды. Түнде Құдай Балағамға келіп тіл қатып:— Мына қасыңдағы адамдарың кім? — деп сұрады. Балағам:— Моаб патшасы Сипор ұлы Балақ маған мынадай сәлем жіберді: «Мысырдан көшіп шығып келген халық жер бетіне қаптап кетті. Келіп, оларды қарғап беріңіз. Мүмкін, сонда олармен шайқасып, қуып шыға алармын», — деп жауап берді. Балақ Балағамға:— Бұ не қылғаныңыз маған? Мен сізді жауымды қарғауға алдырттым, ал сіз оған ақ бата жаудырдыңыз?! — деп налыды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Выбор основного перевода