Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Егер айыпты адамды дүре соғып жазалау керек болса, төреші дәл сол жерде оны жатқызып, дүре санын қылмысының ауырлығына сәйкес етіп өзінің көз алдында дүрелетсін. Сонда Езра орнынан тұрды да, алдымен аға діни қызметкерлерге, леуіліктерге және барлық басқа исраилдіктерге осы айтылғандарды істеуге ант бергізді. Олар ант берді. аттары аталған өз ағайындарымыз — елдің жетекшілерімен бірігіп төмендегі антты беріп серттесеміз. Құдайымыздың Өзінің қызметшісі Мұса арқылы табыстаған Таурат заңына бағынып, Жаратушы Тәңір Иеміздің барлық өсиеттерін, шешімдерін және ережелерін сақтап, орындайтын боламыз. Осыларды орындамайтын әрбіреуімізді Құдайдың қарғысы атсын! Біздер осы елде тұрып жатқан басқа халықтармен қыз алысып, қыз беріспейміз деп уәде береміз. Сондықтан мен басшыларды: «Құдайдың киелі үйі неге қараусыз қалдырылды?» — деп сөктім. Содан леуіліктерді жинап алып, әрқайсысын қайтадан өз міндетін атқаруға қойдым. Арқамды ұрып-соққандарға тостым, сақалымды жұлғандарға екі жағымды ұсынып, бетімді балағат пен түкіріктен жаппадым.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Выбор основного перевода