Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Осы нәрселер орындалып болғаннан кейін халқымның бірқатар басшылары маған келіп, былай деді: «Исраил халқы, соның ішінде тіпті бірнеше діни қызметкерлер мен леуіліктер де бар, елдегі бөтен ұлттық адамдардан бойларын аулақ ұстаған жоқ! Сол ұлттар ежелгі қанахандық, хеттік, перездік, ебустік, аммондық, моабтық, мысырлық, аморлық халықтарға ұқсас. Исраилдіктер сол бөтен ұлттардың жексұрын әдет-ғұрыптарынан сақтанып, бөлек жүрмейді. Өйткені олардың өздері және ұлдары бөтен ұлттардың бірсыпыра қызына үйленіп алған. Осылайша Құдайға бағышталған халық жалған тәңірлерге табынатын көршілес ұлттармен араласып кеткен. Мұндай опасыздықты алдымен істейтіндер — басшылар мен қызметкерлердің өздері!» Діни қызметкер Езра орнынан тұрып, оларға былай деді:— Сендер (Жаратқан Иеге бағынбайтын) бөтен жұрттық әйел алып, опасыздық жасадыңдар. Осылай сендер Исраилдің кінәсін одан әрі арттыра түстіңдер. Бірақ Санбаллат, Тобиях, арабиялықтар, аммондықтар және азоттықтар: «Иерусалимнің қабырғаларын жөндеу жұмыстары алға жылжып, оның құлаған жерлері бітелуде» дегенді естігенде, олар бұған қатты ашуланды. Сол күні Құдайдың Мұса арқылы табыстаған Таурат кітабы халықтың алдында дауыстап оқылды. Сонда «Ешбір аммондық не моабтықтың ешқашан Құдайдың жамағатына енуіне болмайды» деп жазылғаны анықталды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Выбор основного перевода