Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Осы қоймаларға сый-тартулар, өнімнің оннан бір бөлігі және Жаратқан Иеге бағышталған басқа да сый-тартулар түгелдей апарылып қойылды. Леуілік Қонаниях қойма меңгерушісі, ал інісі Шимей орынбасары болып тағайындалды. Езекия патша мен Құдайдың киелі үйінің басқарушысы Азарияхтың тапсыруымен Қонаниях пен інісі Шимейдің қол астында Ехиел, Азазиях, Нахат, Асахил, Еримот, Жозабад, Елиел, Исмақиях, Махат және Бенаях бақылаушылар ретінде қызмет ете бастады. Мен ағайыным Хананиға және қорғанның бастығы Хананияхқа Иерусалимнің үстінен билік жүргізуді тапсырдым. Өйткені Хананиях сенімді адам болатын және Құдайды басқалардан гөрі артық қастерлейтін еді. Сол күні бірнеше адам арнайы қойма бөлмелерінің басқарушысы болып тағайындалды. Сол бөлмелерге сый-тартулар, алғашқы өнім және өнімнің он бөлігінің бірі қойылып сақталады. Осылайша қалаларға жататын егістіктерден түскен өнімнің Таурат заңындағы нұсқау бойынша діни қызметкерлер мен леуіліктерге тиесілі бөліктері сол қоймаларға әкелініп жиналады. Себебі Яһуданың халқы діни қызметкерлер мен леуіліктердің қызмет жасап жүргеніне риза болып қуанды. Ал басқарушылардың әрқайсысынан сенімді болуы талап етіледі.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Выбор основного перевода