Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Содан соң Дәуіт әйелі Барсабияға барып, оны жұбатты. Кейін онымен бірге болып, ол ұл туды. Балаға Сүлеймен (яғни Сәлемет, Татулық) деген есім берді. Жаратқан Ие сәбиді жақсы көріп, Натан пайғамбар арқылы хабар жіберді. Ол нәрестеге Жаратқан Иенің айтқанына сәйкес Едідиях (яғни Жаратқан Иенің Сүйіктісі) деген жанама ат берді. Менен сұрамағандарыңды — байлық пен атақ-даңқты да саған сыйлаймын. Сендегі болатындай асқан байлық пен атақ-даңқ сенің тірі кезіңде патшалардың арасында ешкімде болмайды. Алайда Сүлеймен көптеген шетелдік әйелдерге ғашық болды: перғауынның қызынан басқа оның моабтық, аммондық, едомдық, сидондық, хеттік әйелдері де болды. Жаратқан Ие (жалған тәңірлерге табынатын) осы халықтар туралы: «Олармен араласып, қыз алысып, қыз берісуші болмаңдар! Әйтпесе олар сендердің жүректеріңді өздерінің тәңірлеріне бұрып әкетулері сөзсіз!» деп исраилдіктерге ескерткен еді. Бірақ та Сүлеймен сол жат жұрттық әйелдерге ғашық болып жабыса қалуын қоймады. Жалпы, Сүлейменнің патша тұқымынан шыққан жеті жүз жұбайы және тағы үш жүз кәнизагы болды. Олар оны тура жолдан тайдырып әкетіп адастырды. Себебі қартайған шағында әйелдері Сүлейменнің жүрегін бөтен тәңірлерге бұрып әкетті. Осылайша оның жүрегі әкесі Дәуіттің Құдай Иесіне толықтай бағышталған жүрегі сияқты болмады. Қайта, Сүлеймен сидондықтардың табынатын әйел тәңірі Астартаға және аммондықтардың жиренішті тәңірі Молохқа құлшылық ете бастады. Мұнысымен Сүлеймен Жаратқан Иеге жек көрінішті іс істеп, Жаратқан Иенің жолымен адал жүрген әкесі Дәуіт сияқты болмады. Сол кезде Сүлеймен Иерусалимнің шығыс жағындағы бір төбеде моабтықтардың жексұрын тәңірі Хамосқа және аммондықтардың жиренішті тәңірі Молохқа арнап биіктеу жердегі табыну орындарын салды. Патша осындай орындарды өзінің жат жерлік әйелдерінің барлығына жасап берді. Олар сол құрбандық орындарында өздерінің табынатын жалған тәңірлеріне хош иісті заттар түтетіп, құрбандықтар шалып ұсынатын. Дәуіттің ұлы Сүлеймен өз патшалығында жағдайын берік орнатып алды. Құдай Иесі оған жар болып, мерейін айрықша жоғарылатты. Бір күні Сүлеймен Исраилдің барлық мыңбасыларын, жүзбасыларын, төрешілерін және халықтың басқа да жетекшілері мен әулет басшыларының бәріне де жиналуға бұйрық берді.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Выбор основного перевода