Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Жаратқан Ие ізгі, мақтаңдар Оны,Мәңгі ұласады берік рақымы! Әділдің қамын Жаратқан ойлайды,Ал құдайсыздың ізі де қалмайды. Жаратқан Ие — күш-қуаты өз халқының,Әрі Өзі тағайындаған патшасыныңБерік қорғаны аман-есен сақтайтын. Құдай — біздің панамыз да күшіміз,Қиын кезде сенімді көмекшіміз. Себебі Жаратқан Ие мейірімді,Ол мәңгілік шапағатын тигізеді.Ұрпақтан ұрпаққа Иеміз бізгеШексіз сенімділігін көрсете береді. Ал жарлылар Өзіңнен баспана табады,Апатта мұқтаждар қасыңда қорғанады,Оларға қорғаныш боласың дауылданӘрі ыңғайлы көлеңке боп ыстықтан.Жауыздардың кәрлі лебі қабырғаныСоққылаған боран Мен «ізгі Бағушымын». Әкемнің Мені, Менің Әкемді жақсы білетініміз сияқты, Мен қарамағымдағыларды жақсы білемін, олар да Мені жақсы біледі. Солар үшін жанымды қиямын. Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді. Ал Құдай Өзін сүйгенді жақсы біледі. Бірақ Құдайдың салған негізі берік тұрады, онда мына сөздер «мөрленіп» жазылған: «Иеміз Өзінікі болған адамдарын жақсы біледі» және «Иеміздің атын атап сиынатын әркім жамандықтан алшақтасын!»
Выбор основного перевода