Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Жаратқан Ие тау басына от жалынына оранып түскендіктен, Синай тауын түгел түтін жапты. Таудан балқыту пешінен шыққандай түтін шығып, бүкіл тау қатты шайқалып тұрды. Өйткені қаһарым оттай тұтанады,О дүниенің түбіне дейін жайылады,Жерді бар өнімімен бірге жалмайды,Таулардың негіздерін өртеп талқандайды. Бүкіл әлемнің Иесінің алдында,Жаратқан Иенің бет-жүзінің алдында,Балауыз іспетті ериді таулар сонда. Өзендер қуана қол шапалақтасын,Таулар да бірігіп шаттана ән салсын Біліп қойыңдар, Жаратқан Ие жерді ойрандап, құнарсыз қылмақ! Ол жер бетінің күл-талқанын шығарып, тұрғындарын шашыратып жібермек. Жер мас адамдай теңселіп, дауылдағы лашықтай шайқалады. Жер өзінің бүлікшіл істерінің салмағынан төмен тартылады. Ол құлап, енді қайтып көтерілмейді. Тауларға қарасам, олар сілкініп, төбелер де шайқалып тұр. Сонда таулар Оның табанының астында отқа еріген балауыздай балқып, аңғарлар қақ айырылады. Жартастар су іспетті тау баурайынан ылдилап ағып жатады. Құдай тұра қалып, жерді сілкіндірді,Ол қарағанда халықтар дірілдеді.Ежелгі таулар опырылып құлады,Атам заманғы төбелер шөгіп қалды.Мәңгілік — Киелі Құдайдың жолдары!
Выбор основного перевода