Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Бірде Сеннахирим Нисрох есімді жалған тәңірінің ғибадатханасында құлшылық етіп тұрған кезде оның ұлдары Адрам-Мәлік пен Сәресер оны семсермен шауып өлтірді. Содан екеуі Арарат еліне қашып кетті. Сеннахиримнің басқа ұлы Асардан әкесінің орнын басып патша болды. Перзенттері көп жасамай шетінесін,Есімдерін келесі ұрпақ білмесін. Көп уақыт бұрын-ақ Ассур патшасының мәйітін салтанатпен, үлкен отпен өртеп жіберетін орын дайындалып қойылған болатын. Ондағы шұңқыр терең де кең, әрі мол отын қаластырылып дайындалған. Оны өртеп жіберу үшін Жаратқан Иенің лебі жанартаудан шыққан күкірт іспетті отты жалын үрлейді. Бел тізе бүгіп, Небо да иіледі. Осы жалған тәңірлердің мүсіндері малдарға тиеліп, әкетіледі. Бұларды салтанатпен көтеріп жүретінсіңдер. Салмағы зілдей олар — шаршаған көліктерге ауыртпалық. Осылайша жалған тәңірлердің бәрі бірдей тізе бүгіп, құлайды. Олар ауыр мүсіндерін қорғай алмайды, қайта, өздері де тұтқынға түседі! О дүниенің ортасынан ең мықты батырлар Мысырға және оны қолдаған одақтастарына таңырқап былай демек: «Пай-пай, олар төмен түсіп, әділетсіздермен әрі семсерден қаза тапқандармен бірге тыныш жатыр екен!» Ассур да өзінің семсерден қаза тапқан бүкіл әскерімен бірге сонда. Олардың көрлері оны қоршап, о дүниенің ең шалғай бөліктерінде орналасқан. Осылайша Ассурдың жасақшылары оның қабірінің айналасында жатыр. Солардың бәрі тірі кездерінде өзгелерге қорқыныш сепкендер, әрі семсерден қырылып мерт болғандар. Мен араларыңдағы ағаштан ойылған тәңір мүсіндері мен тас бағаналарды қиратып тастаймын. Бұдан былай сендер өз қолдарыңмен жасаған тәңірсымақтарға табынбайтын боласыңдар. Мен араларыңнан Ашераның бағаналарын алып тастап, (арамданған) қалаларыңды қиратамын.
Выбор основного перевода