Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Бұдан кейін Ол Мұсаның алдынан өтіп бара жатып былай деп дауыстады:«Жаратқан Ие! Жаратқан Ие!Құдай мейірімді де қайырымды,Тез қаһарланбайтын да өте рақымды.Құдай әрдайым сөзінде тұрады; Ол берік мейірімін мыңдағандарға танытады,Өзіне қарсы шығып теріс қылықтардыЖасаған күнәкарды да кешіруге дайын тұрады,Ал (қасарысқанды) жазасыз қалдырмайды,Аталарының теріс қылықтары үшінЖазалайды балалары мен немерелерін,Тіпті шөберелері мен шөпшектерін». Өйткені Ол жара салса, соны Өзі таңады, соққы берсе, өз қолдарымен сауықтырады да. Құдай сені алты рет қиыншылықтан құтқарады. Апат тіпті жетеу болса да, саған жоламайды. Уа, Ием, Өзіңе сиынғанның барлығынаКешірімді де ізгісің, шексіз рақымды да. Бұлт пен түнек — айналасы Оның,Шындық пен әділдік — негізі тағының. Жаратқан — мейірбанды да рақымды,Тез қаһарланбайтын, тым қайырымды. Су үстінен «сарайыңды» бекітесің,Бұлттарды Өзің «мінер күймең» етесің,«Желдің қанаттары үстінде» жүресің. Жаратқан Ие ұлы әрі тым қуатты,Шексіз мол Оның ақыл-парасаты. Мен, Әлемнің Иесі, сұрапыл зор күркілмен, жер сілкінісі, құйын, дауыл және жалмайтын өртпен сені құтқаруға келемін.
Выбор основного перевода