Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Қамысты теңізді құрғатты бұйрығымен,Жай бастап алып жүргендей айдаламенАлып шықты оларды теңіздің түбімен. Жеріміз құрғап, кеуіп қалуда. Ливан тауының ормандары солып ұятқа қалады. Шаронның құнарлы жазығы Өлі теңіздің жағасындағыдай құла түзге айналып, Башан мен Қармилдың қыратты аймақтарындағы ағаштар да қурап, жапырақтары түсіп жатыр. Халқыма келгенімде неліктен Мені ешқайсың қарсы алмадыңдар? Мен қанша шақырсам да, ешқайсың жауап бермедіңдер? Өздеріңді азат ету қолымнан келмейді деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, сендерді құтқаруға құдіретім әбден жетеді! Менің бұйрығыммен теңіз кеуіп қалады. Мен өзендерді де шөл далаға айналдыра аламын. Сонда ондағы балықтар сусыз өліп, шіріп кетеді.
Выбор основного перевода