Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Амос ұлы Ишая Бабыл қаласы туралы көрініс көріп, мына ауыр хабарды алды: «Жолға жиналып, ұлы қала Ниневиге бар да, оны соттамақ екенімді жарияла! Олардың зұлым қылықтары Менің көз алдымда», — деп тапсырды. Мұнда Аббақұқ пайғамбардың Құдайдан алған аянындағы ауыр хабар берілген. Ежелден Ниневи суға толы тоғанға ұқсайтын, бірақ қазір суы таусылып бара жатқандай, қала халқы қашып кетуде. «Тоқта, тоқта!» деген бұйрық берілсе де, ешкім артына бұрылмайды. Көргендердің барлығы сенен қашып: «Ниневи қирап қалды, енді кім оған көңіл айтпақ?» дейді. Оны жұбататын ешкім де табылмайды». Жаратқан Ие Өзінің қолын тағы солтүстікке қарай созып, Ассур елін қиратып, Ниневи қаласын да шөл даладай қуратып, қаңыратып бос қалдырады.
Выбор основного перевода