Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Сен кімді мазақтап, балағаттадың? Кімді дауыстап қорлап, кімге паңдана қарап тұрдың, соны білесің бе?! Маған, Исраилдің киелі Құдайына қарсы солай істеп тұрсың! Сен елшілерің арқылы Мені, Жасаған Иені, балағаттап, тағы былай деп паңдана мақтандың: Мен көптеген соғыс күймелеріммен таулардың зәулім бастарына, тіпті Ливанның ең алшақ баурайларына көтерілдім. Оның ең биік деген самырсын, ең таңдаулы қарағай ағаштарын шауып құлаттым, ең қиыр түкпіріндегі елді мекеніне әрі ормандарының ең қалың түбіне дейін жеттім! Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Ей, пендем, мына адамдар зұлымдық ойлап, осы қаладағыларға жаман кеңес беріп: Сендер Жаратқан Иеге қарсы не ұйымдастырмақсыңдар? Ол соларыңды біржола құртады. Осы пәле екінші рет бастарыңа түспейді.
Выбор основного перевода