Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Сол себептен Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие Ассур патшасының денелі жауынгерлерін қатты ауыртып, жүдетеді, оның даңқты әскерін лаулаған өртпен жалмағандай құртады. Исраил сиынған Киелі Құдай, оның жарық Нұры, лаулаған от пен жалынға ұқсап бір-ақ күнде Ассурдың тікенді бұталарын әрі жантақ, ошағанын өртеп жібереді: оның әйгілі ормандары мен құнарлы бау-бақшаларын түгелдей жалмап жояды. Сонымен қатар Ассурдың даңқты әскері де қатты ауырған адамдай әлсірей береді. Сонда жас баланың өзі-ақ санап шыға алатындай біразы ғана аман қалады. Біліп алыңдар, Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие оларды ағаштың кесілген бұтақтарындай етіп қорқынышты құдіретпен шауып құлатады. Зәулім ағаштай өркөкіректеніп, менменсіген олар кесіліп түсіп, қор болады. Ливанның қалың ормандары балтамен шабылып тасталғандай, паңданған жаудың әскері Құдіретті Құдайдың алдында құлап, жермен-жексен болады. Сол кезде Жаратқан Иенің періштесі ассурлық әскердің қосына барып, ондағы бір жүз сексен бес мың адамды қырып кетті. Таң ата тірі қалғандары тұрып қараса, солардың бәрінің өліктері жатыр екен! «Сені біраз уақытқа тастап кетіп едім, бірақ зор сүйіспеншілікпен Өзіме қайтарып алып келемін. Қаһарланған кезде сенен бір сәтке бетімді жасырған едім. Алайда мәңгілік сүйіспеншілігіммен саған рақым етемін», — дейді сені құтқарып алған Қамқоршың Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода