Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
«Мен сені құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайың — Жаратқан Иемін. Жаратқан Иенің періштесі Ғылғалдан Бохимге өрлеп барып (сонда жиналып тұрған исраилдіктерге Жаратқан Иенің мына хабарын жеткізді): «Мен сендерді Мысырдан алып шығып, ата-бабаларыңа ант еткен осы елге әкелдім. Мен сендермен жасаған Келісімімді ешқашан да бұзбаймын деген едім. Ал сендер бұл елді мекендеген халықтармен ешқандай келісім жасаспауға әрі олардың құрбандық ұсынатын орындарын қиратуға тиіс едіңдер. Бірақ та Менің сөздеріме құлақ аспадыңдар. Бұлай істегендерің қалай? Сол жерде оларға былай деді:— Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: «Исраилдің үрім-бұтағы, сендерді Мысырдан алып шығып, мысырлықтардың және өздеріңді қанаған барлық басқа да патшалықтардың езгісінен азат еткен Менмін!»
Выбор основного перевода