Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Жақып сапарын әрі қарай жалғастырып, шығыс еліне жетті. Еглон аммондықтар мен амалектіктерді қасына жинап аттанып, Исраилге шабуыл жасады да, «Құрма ағаштарының қаласы» Иерихонды басып алды. Содан кейін күллі мадияндықтар, амалектіктер және шығыстың басқа да көшпелі тайпалары бірге жиналды. Олар Иордан өзенінен өтіп, Ізрел аңғарына жетіп, сол жерде қостарын тікті. Ал күллі мадияндықтар, амалектіктер және шығыстың басқа да көшпелі тайпалары аңғарда шегіртке үйірлеріндей қаптап, түйелері де теңіз жағалауындағы құм түйіршіктеріндей сансыз көп болып жатыр екен. Сол кезде Зебей мен Салман өздерінің жасағы — шамамен он бес мың адаммен Қарқорға аялдаған болатын. Шығыс халықтарының жасақтарынан жүз жиырма мың семсер асынғандар қаза тауып, одан қалып отырғаны осы он бес мың еді. Сүлейменнің даналығы шығыс елдері мен Мысыр елінің кемеңгерлерінің ақыл-парасатынан да асып түсті. Жеті мың қой-ешкісі, үш мың түйесі, бес жүз жұп өгізі, бес жүз ұрғашы есегі, сондай-ақ өте көп қызметшілері бар сол кісі шығыс өлкесіндегі ең ауқатты адам болатын.
Выбор основного перевода