Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Кәне, жүр, Мен сені перғауынға жіберемін. Сен халқым Исраилді Мысырдан бастап алып шығасың! — деп бұйырды. Ал Мұса Құдайға:— Перғауынға барып, исраилдіктерді Мысырдан алып шығатындай соншама мен кіммін? — деп жауап қайырды. Құдай:— Мен саған жар боламын. Сен халықты Мысырдан алып шыққан соң, сендер Маған осы таудың маңында ғибадат ететін боласыңдар. Сені Өзім жібергендігімнің дәлелі сол болмақ, — деді. Сонымен саған мынаны бұйырамын: қайратты да батыл бол! Еш нәрседен абыржып, қорқушы болма! Қайда барсаң да, Құдайың Жаратқан Ие сенімен бірге жүріп жар болады». Бір күні Дебора Нафталим руының жеріндегі Кедестен Абиноғам ұлы Барақты шақыртып алдырып, оған былай деді:— Тыңдап ал, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие саған мынаны бұйырады: Нафталим, Забулон руларынан он мың адамды жинап, солармен Табор тауына өрлеп бар! Сонда Жаратқан Ие сендерге Еруб-Бағал, Бедан, Ефтах, Самуилді жіберіп, айнала қоршаған барлық жауларыңнан азат етті. Осылай тыныштықта өмір сүрдіңдер. Сондықтан төрінен көрі жуық қарт адамнан аспандағы жұлдыздар мен теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай сансыз көп ұрпақ тарады. жалын шашқан өртті сөндіріп, семсер жүзінен аман қалды. Олар әлсірегенде Құдайдан күш алып, ұрыс-шайқаста нығайып, жау жасақтарын қуып шықты.
Выбор основного перевода