Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Осы жерге Ыбырайым «Жаратқан Ие қажетіңді береді» деген ат қойды. Сондықтан да күні бүгінге дейін жұрт: «Жаратқан Ие қажетіңді өз тауында береді», — дейді. Жақып сол жерде Құдайға құрбандық беретін орын жасап, оны «Исраил сиынатын Тәңір — Құдай» деп атады. Мұса сол жерде құрбандық ұсынатын орын салып, оны «Біздің туымыз — Жаратқан Ие» деп атады. Рубендіктер мен ғадтықтар сол құрбандық үстеліне «Айғақ» деген ат қойды. Себебі олар: «Бұл — Жаратқан Иенің біздің де Құдайымыз екендігінің айғағы», — деді. Сол алтынды Гедеон діни қызметкер киіп жүретін жеңсіз сырт киім жасауға жұмсап, соны өз қаласы Офраға апарып қойды. Кейін бүкіл Исраил халқы сонда барып, сол «қасиетті» киімге табына бастады. Осылай олар азғындыққа батты. Тіпті Гедеон мен оның әулеті де бұл тұзаққа ілініп қалды. Сөйтіп Жоғас ұлы Гедеон көп жасап, қайтыс болды. Оның мәйіті Әбиезер әулетіне тиісті Офра қаласының маңында әкесі Жоғастың қабіріне қойылды.
Выбор основного перевода