Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Жаратқан Иенің алдынан бір от лап етіп шығып, құрбандық үстеліндегі түгелдей өртелетін құрбандықтар мен майлы бөліктерді жалмап қойды. Осыны көргенде бүкіл халық қуаныштан айқайлап, етпеттерімен жерге құлап, тағзым етті. Сонда аспаннан Жаратқан Иенің оты түсіп, құрбандықты, отынды, тастар мен топырақты жалмап өртеп, арықтағы суды да құрғатып жіберді. Дәуіт сол орында Жаратқан Иеге арнап құрбандық үстелін тұрғызып, малдарды құрбандыққа шалып, түгелдей өртеп жіберді. Ол Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықтарын да ұсынып, Оған дауыстап сиынды. Жаратқан Ие үстелдегі түгелдей өртелетін құрбандыққа аспаннан от түсіріп Дәуітке жауабын берді. Сүлеймен Құдайға сиынуын аяқтай бергенде, аспаннан от түсіп, өртелу үшін шалынған құрбандықтарды және басқа да сый-тартуларды өртеп, жалмап қойды. Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты киелі үйді толтырып жіберді.
Выбор основного перевода