Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Содан Азариях патшамен кездесу үшін жолға шықты да, оған тіл қатып былай деді: «Уа, Аса және бүкіл Яһуда мен Бунямин халқы, құлақ асыңдар! Сендер Құдаймен бірге жүргендеріңде Ол да сендермен бірге жүріп жар болады. Егер де Оған бет бұрып сиынып Оны іздесеңдер, таба аласыңдар. Бірақ Одан бас тартсаңдар, Ол да сендерден бас тартады. Уа, Құдай, Өзіңнің зор құдіретіңменЕжелде бабалардың заманында істегенКеремет істерің жайлы құлағымызбенКөп естігенбіз әкелерімізден. Уа, Ием, қайда бұрынғы зор рақымың,Адалдығың мен Дәуітке берген антың? Уа, Жаратқан Иеміз, енді көктен,Қасиетті, салтанатты мекеніңнен,Қайтадан бізге назар аудара гөр!Өз қайрат-жігерің мен құдіретің,Зор жанашырлығың мен қайырымыңҚазіргі уақытта қайда екен?Неге рақымыңды аяйсың бізден?
Выбор основного перевода