Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Жаратқан Иенің Рухы Отниелге қонып, ол Исраилге билік айтты. Отниел соғысқа аттанғанда Жаратқан Ие оның қолына Месопотамияның патшасы Қушан-Рушатаимды тапсырып, Отниел оны жеңіп шықты. Сол жерге жете салысымен Ехуд Ефремнің таулы аймағында дабыл беріп керней тартты. Сонда исраилдік ер адамдар оған еріп қыраттардан төмен түсті, ал Ехуд оларды бастап жүрді. Сонда олардың біреуі, кейін Отыз батырдың басшысы болған Амасай, Киелі Рухқа бөленіп, былай деді:«Уа, Дәуіт, біз сендікпіз,Уа, Есей ұлы, сенің жағыңдамыз,Саған амандық пен тыныштық сыйласын,Сені қолдағандарға да амандық болсын,Себебі Құдай — сенің Қолдаушың!»Сонда Дәуіт оларды қабылдап, өзінің шабуылшы топтарының басшылары етіп қойды. Құдайдың Рухы Еходай ұлы Зәкәрия атты діни қызметкерге де қонды. Зәкәрия бүкіл халықтың алдына шығып, былай деді: «Құдай мынаны айтады: Сендер неге Жаратқан Иенің өсиеттерін бұза бересіңдер? Бұларыңмен табысқа жетпейсіңдер! Сендер Жаратқан Иеден бас тарттыңдар, енді Ол да сендерден бас тартатын болады!»
Выбор основного перевода