10
Кейінірек мен Мехетабелдің немересі Делаях ұлы Шемаяхқа соқтым. Сол адам үйін ішінен бекітіп алған екен. Шемаях мені:— Құдайдың киелі үйінде, ғибадатхананың ортасында кездесіп, есікті іштен тас бекітіп алайық! Өйткені сізді өлтіруге адамдар келейін деп жатыр. Олар түнде келіп, жаныңызды алмақшы! — деп сақтандырды.