Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сион, сен бұған дейін жалғыз қалдырылған, жек көрінішті қала болдың. Ешкім саған соғып өтпейтін. Бірақ Мен сені келешек ұрпақтарыңның мәңгілік қуанышы мен мақтанышы етемін. Осы әлем түгелдей Менің қолымнан шығып, пайда болды емес пе?! — деп ескертеді Жаратқан Ие.Ал Мен көз қырымды салатындар: күнәларына шын жүректен өкініп, сөзімді терең қастерлеп, іске асыратындар. Әділдік үшін қудаланғандар бақытты:Құдай Патшалығы сондайларға арналған! Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап,әр түрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар! Қуана шаттаныңдар,себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр!Жұрт сендерден бұрынғы пайғамбарларды да солай қудалаған. Адамдар көктен келген Маған боласендерді жек көріп, орталарынан аластатып, қорлап, аттарыңа кір келтірсе, бақыттысыңдар! Иса осыны айтқанда, Оған қарсылық көрсеткендердің бәрі ұялып қалды. Ал басқа жұрт түгелдей Оның істеген кереметтеріне қуанды.
Выбор основного перевода